Төтенше жағдай туғызған тағы бір түйткіл. 42500 ді шын мұқтаждар ала алмай жатса, несиесін жаба алмай жатқандар да жоқ емес. Қазір тұрақты табыс көзінсіз қалғандарға әуелде кредит төлеу мерзімі шегеріледі, пайыздық үстеме болмайды, түк те уайымдамаңыздар демеп пе еді үкімет? Көпшілік 3 айға төлемді тоқтатамыз деуі мұң екен, тасадан тұрып, банк тас атқандай болды. Шегергенің үшін төле дегендей қылып жатыр екен.
Несиені шегеруге болады деген уақытта осы банктер неге үн қатпады? Ендігі жау жағадан алғанда бөрі етектен тартқанның кері ме? Жаны қысылған жұрт тым құрыса кредитімді қоя тұрайыншы деп өтініш жазса, кейін ай сайын пәленбай мың теңгені қосымша төлейсің деген жауапты дүңк еткізеді. Бұл неткен бассыздық, һәм басыну деп ашынуға болар еді, сөйтсек, мәселенің екінші қыры бар. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Несиесін шегеруге өтініш бергендердің алды әлеуметтік желіде осындай пікір қалдырып жатыр, қазір. "Қарызым өспейді дегендерің қане? Бәленбай сома болды әне", - дейді жұрт!
Гүлнар, кәсіпкер:
"Төтенше жағдайға байланысты мен банкке өтініш жібердім. Несиемді ұзартыңыз деп. Маған смс келді. Смс-те жазылып тұр, ұзартсаңыз үш айға 300 мың тг қосылады деп. +01:01 Неге мен 300 мың теңге артық төлеуім керекпін? Оны мен істеп жатқан жоқпын, ол сондай жағдай болып жатыр!"
Базынасымен бірге Гүлнар жалғыз болса мейлі ғой!
Елдегі борышкерлер саны 7 млннан асады. Банк алдындағы берешектері болса 455 млрд теңгеге жетіп жығылады!
Олардың бәрі демесекте, жартысына жуығы қазір тұрақты табыс көзінен қағылғаны белгілі. Осы себепті мемлекет жеңілдіктер жасалады деген еді.
Сөйтіп бұл міндетті бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ведомствасын басқарған Мадина Әбілқасымоваға жүктеді. Қазір экс-министр Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы! Сонымен олар не бітірді?
Дмитрий Акмаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы:
"Борышкерлерге 2020 жылдың 15 наурызынан бастап осы жылдың 15 маусымына дейін несиелік каникул берілді. Мемлекеттен жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек алатындар мен жұмыссыз қалғандардарға ол үшін өтініш жазудың қажеті жоқ. Тек рұқсаттарын берсе болғаны. Ал, ақысыз демалысқа кеткендер мен төтенше жағдайдың кесірінен жұмысына жете алмай отырғандар және тағы басқасына өтініш жазу міндетті".
Бұл жеңілдік бәріне бірдей берілмейді. Тек 2020 жылдың 16-наурызына дейін банктің көмегіне жүгінгендер үшін ғана. Байқасаңыз мамандар үстемақы жөнінде жақ ашпады. Өйткені, әсілінде үстемақы өскен жоқ! Банк бар жоғы сіздің бір жылдық несиеңізді, үш айға созып берді.
Мысалы сіздің банк алдындағы берешегіңіз 200000 жүз мың делік! Негізгі қарыз 150 мың, ал елу мыңы үстемақы! Бұл мысал. Сіз ТЖ-кейін мына 150 мыңды төлеуді жалғастырасыз! Ал оның үстемақылары келесі жылға кетеді. Осы кезде сіздің келесі жылы төлейтін сомаңыз, артады!
Айжан Балакешова, экономист:
"Банктер бұл әрекеттерін өздерінің шығындарымен түсіндіріп отыр. Қызметкерлердің жалақы, депозиттердің үстемақылары бар дегендей. Қаржы ұйымдары өте ақылды қадам жасады. Қазір, олар мына үш айдың шығынын өз резервтерінен жабады да, сосын оның орнын үстемақылармен толтыралды".
Қысқасы қалай болған күндеде қаржы ұйымдары шығын шекпейін деп тұр ғой! Ия, заңға салғанда олар ұтып тұр, ал арға салғанда ұтылып тұр! Мені мазалаған тағы бір сұрақ, қаржылық ұйымдарының келісімшарттарында ТЖ деген пункт қарастырылмаған ба осы? Тым болмаса, жаны қысылған жұрт соған сүйеніп қала алмай ма?
Нұрсұлтан Өткелбаев, заңгер:
"Мысалы форс мажорлық ол біраз міндеттемені тоқтатуға мүмкіндік береді. Азаматтық кодексте ереже бар. Ол шартты орындамауға мүмкіндік береді. Несиені төлемеу форс мажорға байланысты. Но, форс мажорные ситуаций не распространяются на денежные обязательство".
Қысқасы ТЖ деген пункт болған күннің өзінде қарыздан құтқарып қалмайды екен ғой! Абзалы, кредитіңізді қалай төлеп келдіңіз, солай төлеуді жалғастырғаныңыз жөн! Мүмкіндік болса әрине!