Жітіқарада тағы бір полиция қызметкері КВИ жұқтырды

Facebook/Биртанов
Жітіқара ауданының және Жітіқара аудандық полиция бөлімінің барлық қызметкерлері үй карантиніне алынды.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев Жітіқара ауданындағы коронавирусқа қатысты жағдайдың мән-жайын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 18 сәуірде арнайы комиссия құрылды, оның штаб-пәтері тәулік бойы жұмыс істейді. Бүгінгі күнге дейін аймақта коронавирус жұқтырудың 15 жағдайы тіркелді, олардың бірі өлімге әкеліп соқтырды, деп атап өтті Өңірлік арнайы комиссия штабындағылар.

Әкім орынбасары атап өткендей, Жітіқара ауданының және Жітіқара аудандық полиция бөлімінің барлық қызметкерлері үй карантиніне алынды, өйткені екі полиция қызметкерінен COVID-19 диагнозы расталды.

Науқастармен тығыз байланыста болған барлық қызметкерлерге зертханалық зерттеулер жүргізілді, олар карантиндік ауруханаға жатқызылды. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Қостанайдан Жітіқараға 75 тәртіп сақшысы алдыртылды.

Ол Жітіқара тұрғындарына бүгінде барлық көтерме сауда орталықтары мен дүкендерде, сондай-ақ үлкенді-кішігірім дүкендерде азық-түлік қоры жеткілікті екендігіне сендірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз