Кәмелетке толмаған қыз желіде тәртіп сақшыларын қаралап, жазба жариялаған

polisia.kz
Қызбен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

17 жастағы бойжеткен желі қолданушыларын өз парақшасына көптеп тарту үшін онда жалған ақпарат жариялаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz атап өткендей, бойжеткен өзінің Инстаграм парақшасында танысының қайтыс болған зейнеткер туыстарына полиция ақша ұсынды деп жазған.

Өз өлімімен көз жұмған адамның туыстарына " коронавирус инфекциясынан қайтыс болды" деп айтулары үшін 100 мың теңге ұсынған көрінеді. Тәртіп сақшылары білгендей, бұл ойдан шығарылған оқиға болып шықты. Петропавл қаласының тұрғыны мұны өз парақшасына адам көп кіруі үшін жасаған. Түсіндірме жұмыстарынан соң қыз желідегі жалған жазбасын дереу жойды.

Кәмелетке толмағандармен профилактикалық жұмыс жүргізетін ювеналды полиция қызметкерлері де бұл іске тартылды.

Қызбен профилактикалық әңгіме жүргізілді, ал ана-анасына қатысты Әкімшілік қылмыстық процеусальдық іс жүргізудің 127-бабы бойынша материалдар жиналды, - деді Петропавл қалалық ДП Ювеналды полиция бөлімінің бастығы Эльмира Абушева.

Полициядағылар көпе-көрнеу ақапарат таратқан үшін 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын немесе 30 тәулікке қамауға алу жазасы қарастырылатынын еске салады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді