Кеше саунада демалған "антижемқорлар" бүгін жұмыстан қуылды

vk.com
Төтенше жағдай режимін бұзған тергеу басқармасының басшысы мен оған бағынышты қызметкерлер жағымсыз себептермен жұмыстан босатылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің тергеу басқармасының қызметкерлерінің төтенше жағдай режимін бұзу фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Аталған басқарманың басшысы Р.Тұрғамбековтің және оған бағынышты тергеушілер Н.Мырзагелдиннің, А.Қағарманның, Ж.Ақмолдиннің, Б.Лұқмановтың төтенше жағдай режимінің қазіргі шектеулеріне қарамастан, кешкі демалысты Көкшетаудағы монша кешендерінің бірінде өткізгені анықталды.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Агенттіктің орталық аппаратының тәртіптік комиссиясының отырысы өтті. Оқиғаның барлық жағдайларын және әділеттілік, парасаттылық, сенім құндылықтарын қатаң сақтауды ескере отырып, Агенттік Төрағасының бұйрығымен аталған қызметкерлер келешекте мемлекеттік және құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынсыз жағымсыз себептер бойынша жұмыстан босатылды.

Тәртіптік комиссияның ұсынысы бойынша облыстық департамент басшысы М.Төлеубаев жеке құраммен алдын алу жұмысын нашар ұйымдастырғаны үшін қызметіне толық сәйкес еместігі түрінде жауапқа тартылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өз әріптестерінің теріс қылықтарының салдарын түсіне отырып, азаматтардың карантин режимін сақтау кезіндегі жауапкершілігін мойындай және құрметтей келе, болған жағдай үшін шынайы кешірім сұрайды және әрбір қызметкердің атағы мен дәрежесіне қарамастан заң бұзушылық фактісі үшін жазаның бұлтартпастығына кепілдік береді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты