ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 қаулысында белгіленген кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтар мен әлеуметтік төлемдер
Мынадай салықтар мен әлеуметтік төлемдердің:
- төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының;
- жеке практикамен айналысатын тұлға дербес төлейтін жеке табыс салығының (адвокат, ноториус, кәсіби медиатор, жеке сот орындаушы);
- дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардың мөлшерлемелеріне «0» коэффициенті белгіленді.
Аталған қолдау шаралары мынадай салық төлеушілер мен олардың жұмыскерлеріне қатысты қолданылады:
1) міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде басталатын жеке практикамен айналысатын тұлғалар және белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыратын микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері;
2) міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейінгі кезеңде басталатын, белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері.
Одан бөлек, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № 28/2020 бұйрығына сәйкес 2020 жылғы 1 наурыздан бастап төленетін эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлердің үстемеақыларынан жоғарыда көрсетілген салықтар мен әлеуметтік төлемдер ұсталмайды.
Мүлік салығы
2020 жылғы 1 сәуірден бастап 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде:
1) әуе айлақтарындағы ұшу-қону жолақтары мен әуежайлардың терминалдары бойынша;
2) жеке практикамен айналысатын тұлғалардың мүлік салығының мөлшерлемелеріне «0» коэффициенті белгіленді.
Қосылған құн салығы
Әуе жолаушылар көлігі қызметімен айналысатын Қазақстан Республикасының резиденттеріне техникалық қызмет көрсету және әуе кемелері лизингінің мәмілелерін заңдық сүйемелдеу бойынша резидент емес үшін есептелген ҚҚС төлеу бойынша 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін кейінге қалдырылды.
Бұл ретте есептелген ҚҚС сомасы 2021 жылғы
1 қаңтарға дейін бюджетке төленген жағдайда аталған салық төлеушілер резидент емес үшін есептелген ҚҚС сомасын резидент еместен осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу салық салынатын айналым деп танылған салық кезеңінде есепке жатқызады.
Салық есептілігі нысандары
2019 жылғы міндеттемелер бойынша салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімі 2020 жылғы 31 наурыздан 2020 жылғы 31 мамырға ауыстырылды.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша келесі сілтемелерді пайдалануға кеңес береміз:
https://www.kgd.gov.kz
https://www.facebook.com/kgd.gov.kz
https://www.instagram.com/press_kyzmet_kgd
https://twitter.com/KGD_MF_RK
https://t.me/kgdmfrk
https://dialog.egov.kz/blogs/32783/welcome
Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер органдарының байланыс телефондары мен электрондық мекенжайларының тізімі Комитеттің ресми порталында http://kgd.gov.kz/kk/content/konsultaciya-ushin-telefondardyn-tizimi-1 сілтемесі бойынша орналастырылған.
Сонымен қатар, ҚР ҚМ МКК байланыс орталығына хабарласа аласыз:
WhatsApp +7 775 848 67 97
WhatsApp +7 776 136 41 32
WhatsApp +7 705 559 12 33
WhatsApp +7 705 559 12 39
WhatsApp +7 707 860 92 08
WhatsApp +7 701 789 87 38
WhatsApp +7 701 575 84 44
WhatsApp +7 747 364 58 31