Оразада онлайн хатым оқылады – Наурызбай қажы Тағанұлы

видеодан кадр
"Карантин жағдайындағы Рамазан" тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында "Карантин жағдайындағы Рамазан" тақырыбында өткен баспасөз конференциясында осылай деді, деп хабарлайды zakon.kz Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасына сілтеме жасап.

"ҚМДБ-ға қарасты "Хикмет ТВ" студиясы арқылы Рамазан айында күн сайын Республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінде бір сағат арнайы онлайн-хатым оқылып, қасиетті Қадыр түнінде Құран Хатым дұғасы жасалады. Сондай-ақ, muslim.kz истаграм парақшасы арқылы онлайн режимде Республикалық "Әзірет Сұлтан" мешіті имамдарымен күнделікті "Батамен ел көгерер" атты дұға жасау рәсімі ұйымдастырылатын болады", деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Тікелей көрсетілім "24 Хабар" телеарнасында, Орталық коммуникациялар қызметінің YouTube, Facebook желісіндегі парақшаларында өткізілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі