WTI маркалы мұнай бағасының арзандауы Ресей рублінің шетел валюталарына шаққандағы бағамына теріс әсер етті, осылайша рубль АҚШ долларына шаққанда 0,74% және евроға қатысты 0,08% төмендеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Lenta.ru-ның хабарлауынша, Мәскеу биржасындағы сауда-саттықтың барысында рубльдың доллар мен еуроға қатысты бағамы құлдырады.
Алғашқы минуттарда-ақ доллар 76 рубльден жоғары бағаланып, сағат 10: 05 уақытында 76 рубльмен саудалана бастады, евро 82,35 рубльден саудаланды, делінеді сайтта.
Ресейдің қор биржасынжағы негізгі көрсеткіштері де құлдырауда. Мәселен, "Мосбиржи" индексі 1,40 пайызға, ал РТС - 3,59 пайызға төмендеді.
Ресей валютасы бұрын-соңды болмаған құлдырауды бастан кешірген мұнай бағасынан кейін төмендей бастады. WTI американдық мұнайына мамыр фьючерстерінің бір барреліне бағасы 40 долларға дейін төмендеді, содан кейін ол оң көрсеткіштерге қайта оралған еді.
Сейсенбі күні таңертең ол оң мәнге оралды, бірақ жағдай басқа маркадағы мұнай мен мұнай келісімшарттарын едәуір арзандатты. Біраз уақытқа дейін ресейлік Urals сорты да қауіпті аймаққа енді.
Urals құны есептеліп шығарылатын Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі 24 доллардан төмендеп кетті Алдыңғы күнмен салыстырғанда құлдырау жеті пайыздан асты.