КВИ жұқтырған бұрынғы вице-министрмен тығыз байланыста болғандар анықталды

primeminister.kz
Қазір Камалжан Надыров Нұр-Сұлтанның жұқпалы аурулар ауруханасына жатыр.

Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровпен тығыз байланыста болғандардың барлығы дерлік анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Эпидемиологтар түннен бері жұмыс істеп жатыр. Біз эпидемиологиялық тексеру жүргізіп жатырмыз. Барлық тығыз байланыстағы адамдардан анализ алынады, ПТР талдаулары жасалады. Бұл бағыттағы жұмыс аяқталды десе де болады, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Ахметшәріптің айтуынша, бұрынғы вице-министр кеше, 21 сәуірде коронавирусқа тест тапсырған. Ол оң нәтижені көрсетті.

Қазір Камалжан Надыров Нұр-Сұлтанның жұқпалы аурулар ауруханасына жатыр.

Еске салайық, Надыров вице-министр қызметінен босатылып, оның орнына Людмила Бюрабекова тағайындалған еді.

Камалжан Надыров Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болады деп жарияланды. Алайда ол жаңа қызметіне кірісіп үлгермеді. Осылайша оның ауырып қалуына байланысты қазіргі басшы Тілеухан Әбілдаевтың отставкасы кейінге шегерілді.

Камалжан Талғатұлының жағдайы жақсарған соң ол Алматыдағы өз қызметіне кірісетін болады, - деді Диас Ахметшарип.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды