Алматы облысында 3 тоннаға жуық заңсыз балық тәркіленді

obk.k
304 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Алматы облысының тәртіп сақшылары мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзудың 346 дерегін анықтаған. Тіркелген деректер бойынша қылмыстық өндірістер қозғалған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл табиғат қорғау тәртібін бұзудың 31 дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде заңсыз балық аулаудың – 13, заңсыз аң аулаудың 10, ағаштарды отаудың 4, жер қойнауын заңсыз игерудің 3 дерегі бар. Сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталған соң істер сотқа жолданатын болады", - деп хабарлады Алматы облысы ПД ЖПҚБ Табиғат қорғау полициясының инспекторы Бағлан Рымжанов.

Сондай-ақ, 304 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Аң аулау тәртібін сақтамаған 200 жуық аңшыға тиісті хаттама толтырылса, заңнама талабын бұзған 67 балықшы айыппұл арқалады.

Тәртіп сақшылары жыл басынан бері браконьерлерден заңсыз ауланған 3 тоннаға жуық балық, 5 қайық пен заңсыз кесілген 6 текше метрден астам ағаш тәркілеген. Сонымен қатар, құқық бұзушылардан 136 дана құрал-жабдық табылған. Оның ішіндегі 30 астам атыс қаруының 9 данасы заңсыз сақталғаны әшкере болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді