Қашықтан оқыту білім сапасына кедергісін келтіріп жатқан жоқ

egemen.kz
16 наурыздан бастап біздің оқытушылар, оқушылар, студенттер қашықтан оқытуға көшті. Оқытушылардың барлығы қашықтықтан оқытуда пайдаланатын семинар, вебинарлардан өтті.

Қашықтан оқыту білім сапасына кедергісін келтіріп жатқан жоқ, деп хабарлайды "Хабар 24".

Қайта студенттердің белсенділігі арта түсті. Елордадағы жоғары көлік және коммуникация колледжінің оқытушылары осылай дейді. Білім мекемесі оқу жылын жоспарға сай аяқтауды көздеп отыр.

Жалпы елордада 35 колледж бар. Онда 22 мың 500 ден астам студент білім алады. Қашықтан оқытуға қатысты іс-шаралардың барлығы бір жүйеге келтірілді. Бір айдан асты. Колледждерде студенттер де, оқытушылар да оқу жоспарын еш кедергісіз меңгеріп жатыр. Елордадағы орта арнаулы оқу орындарының қатарында жоғары көлік және коммуникация колледжі де бар. Ұстаздар сабаққа бүкіл шәкірттерінің қатысуын қамтамасыз еткен.

Зұлпыхар Ғанипов, жоғары көлік және коммуникация колледжінің директоры:

– Індетке қарамастан студенттердің арасында профорнетациялық жұмысты жоғары деңгейге қойдық. Колледжіміздің сайты бар. Сол сайтқа студент немесе талапкер кіріп, колледжіміз туралы толық ақпаратты алады. Бұдан бөлек, сайтта студенттірдің сабақ кестесі бар. Ол арқылы ата-аналар да балаларының оқу үлгерімін қадағалай алады.

Ұстаздардың айтуынша, қашықтан оқытуға екі тарап та тыңғылықты дайындалған. Сондықтан ешқандай түйіткіл мәселе туындамаған.

Әсем Исмаилова, жоғары көлік және коммуникация колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

– 16 наурыздан бастап біздің оқытушылар, оқушылар, студенттер қашықтан оқытуға көшті. Оқытушылардың барлығы қашықтықтан оқытуда пайдаланатын семинар, вебинарлардан өтті. Елордада жалпы саны 35 колледж бар. Онда 22 мың 500 ден аса жас білім алады. Ал оқытушылар саны 1500 ден асады.

Оқу орындарының барлығы қашықтан оқытуға көшкен. Сабақ 20 минуттан өтеді. Ұстаздар да, студенттер де техникалық құрал жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды