Балалар полицейлерге челлендж арнады

видеодан кадр
Челендждің басты мақсаты – қиын шақта қызметін атқарып жүрген полицейлерге қолдау көрсету, сондай-ақ азаматтардың рухы мен патриоттық сезімін арттыру болып табылады.

Оқушылар карантин жағдайында ерекше онлайн флешмоб ұйымдастырған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар тәртіп сақшыларының формасында өздерінің жол сілтеушілеріне алғыстарын білдіріп, бастарын иеді. Бейнежазбадағы балалар қарапайы сынып оқушылары емес, құқық қорғау бағытындағы кадет сыныптарының тәрбиеленушілері екенін атап өткен жөн.

Бейнероликке берілген жазбада, ең алдымен, балалар әлемдік індетке айналған тажалмен күресте алдыңғы шепте қызмет етіп, ел игілігі үшін тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген полицейлерге шексіз ризашылықтарын жеткізген.

Өз кезегінде, Алматы облысы Полиция департаментінің жеке құрамы өскелең ұрпақтың ыстық ықыласын қабылдап, алғыстарын айтты. Тәртіп сақшылары аталған ролик жылылық сыйлайтынын және одан әрі де ел үшін еңбек етуге күш-жігер беретінін жеткізді.

Эстафетаны Талдықорған қаласының 6-кадет сыныбы бастап, өздерінің құрбыластарына жолдады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз