Маңғыстауда дезинфектор болған әскери қызметкер коронавирустан көз жұмды

Depositphotos
Жедел жәрдем шақырғанға дейін ер адам бір апта ауырған. Коронавирусқа екі рет тест тапсырыпты.

Маңғыстау облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz.

Марқұм өңір бойынша алғашқы коронавирус құрбаны болды.

Маңғыстау облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Садыманов брифингте хабарлағандай, ер адам 1980-ші жылы туған, Мұнайлы ауданының Батыр ауылының тұрғыны. 20 сәуірде дене қызуы мен тамақ ауруына шағымданып, жедел жәрдем шақырған. Рентген өкпе қабынуы бар екенін көрсетті.

Жедел жәрдем шақырғанға дейін ер адам бір апта ауырған. Коронавирусқа екі рет тест тапсырыпты. Бірінші тест теріс, екіншісі - оң нәтиже көрсетіпті.

Ер адам өңірдегі әскери бөлімшелердің бірінде әскери қызметте болған. ТЖ режимінде дезинфекторлар тобына жұмысқа тартылып, Ақтау қаласында зарарсыздандыру жұмыстарына қатысқан. Артында әйелі, бес баласы қалды.

Қазір онымен байланыста болған барлық адамдар карантинге жатқызылды.

Маңғыстау облысында КВИ-дің 20 жағдайы тіркелген. Жұқпалы аурулар стационарында 15 адам емделуде.

Олардың ішінде бір адам өкпені желдету аппаратына қосылған. Жұқтырғандар арасында 1 - медициналық қызметкер, 3 - полицей, 1 - әскери, 2 - зейнеткер, 9 - жұмыссыз азамат. Науқаспен байланыста 683 адам болған, 161 адам жақын байланыста. 522 адам байланыста болуы мүмкін деп танылды.

Қазақстанда қазірге дейін барлығы 25 адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Қазақстанның Азаматтық кодексіне қандай өзгерістер енгізу ұсынылды

Алматы-1 вокзалы жақын күндері ашылады

Президент жанындағы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына өзгеріс енгізілді

"Кідіруге уақыт жоқ" – Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысын таныстырып, компанияда тәртіп орнатуды талап етті