Тәжікстан билігі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне нота жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.
Тәжікстан СІМ Ақпарат және баспасөз департаменті әлеуметтік желілерде пайда болған қазақстандық "Патруль" сериялына байланысты мына хабарды жеткізеді: 2020 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне "БАС продакшн" өндірістік орталығының өніміне және оған тапсырыс беруші "Тәуелсіз Телевизиялық арна" ЖШС-ға заңды баға беру туралы өтінішпен хабарлама жіберілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жала жабу және этникалық араздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттер бабы бойынша дереу арада тергеу жүргізуді сұрады, деп хабарлады Тәжікстан СІМ.
Патруль сериялының бірінде полиция қызметкерлері Серік пен Берік орыс және қазақ тілдерін білмейтін, үсті-басы кір-кір адамды ұстап алады. Олар оған мигрант екен деп қателесіп, көліктерін жуғызып, полиция бөлімінің дәлізін бояуды бұйырады. Сериалдың соңында ұсталған адам елшілікке барар жолдан адасқан Тәжікстан елшісі екені белгілі болады.
BAS production компаниясының SMM маманы Бауыржан Жұбантіров тәжік халқынан кешірім сұрап, бұл сериалдың экранға 2012 жылы шыққанын жеткізді.
Bas Pro компаниясының атынан бауырлас халқымыздан кешірім сұраймыз. Видеоны 2012 жылы жас авторлар жазған болатын, КВН-ның жастары осындай сипатта сықақ құрмақ болып шешкен. Алайда бұл сериал экран бетінен көрсетіле бастағанда біз қатты қателескенімізді түсіндік, сөйтіп көпшілік алдында кешірім сұрадық және бұл серияны барлық интернет-платформалардан жойдық. Енді біреулер бауырлас халықтар арасында алауыздық тудыру үшін осы видеоны әдейі таратуда. Сіздерден осындай арандатуға ермеуге, оған жол бермеулеріңізді сұраймын. Сіздерге түсінікті болу үшін айта кетелік, біз барлық сайттарға шолу жасадық, бірақ бұл серияны еш жерден таба алмадық, тіпті басты тапсырыс беруші - телеарна мұрағатында да бұл сериал жоқ. Біз жойған бұл сериал әлеуметтік желіден 8 жыл өткен соң қалай пайда болғанын біле алмай дал болып жатырмыз", - деген Жұбатіровтың сөзін Ахбор агенттігі келтірген.