ДСМ: Мамыр айының соңына дейін КВИ бойынша 5 мыңнан астам науқас тіркелуі мүмкін

Pixabay
КВИ жұқтыру бойынша сәуір айының соңында шамамен 3 мың 400 жағдай тіркелуі мүмкін.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавируспен ауыратын науқас саны мамыр айының соңына дейін бес мыңнан асуы мүмкін екенін болжайды. Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстан бойынша алатын болсақ, сәуір айының соңында шамамен 3 мың 400 жағдай тіркелуі мүмкін екенін, ал мамыр айында бұл көрсеткіш шамамен 5 мың 300 жағдайды құрайтынын болжаймыз. Болжамдарды қайта түзеп, жариялап жатырмыз. Өйткені шекаралас аудандарға сырттан келетіндердің көптігімен байланысты бұл, соңғы екі аптаның өзінде осындай 200-ден астам жағдай тіркелді", - деді Есмағамбетова онлайн-конференция барысында.

Оның айтуынша, бұл цифр ішкі қауіпке ғана емес, сонымен қатар сыртқы қауіпке де баса назар аударуды талап етеді. Осы негізде КВИ бойынша болжамдар қайта қаралып, қайта түзетілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз