Кеген ауылы карантинге жабылатын болды

roadstravel.ru
Жалпы, қазірге дейін ауданда науқастар саны 6 адамға жетті.

Алматы облысының Кеген ауданы карантинге жабылады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеген ауданында COVID-19 жұқтырудың тағы 3 жағдайы анықталды. Жалпы, қазірге дейін ауданда науқастар саны 6 адамға жетті. Сондықтан Кеген ауылының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Кеген ауылы уақытша карантинге жабылды, - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі атап өткендей, науқастар 1957, 1971 және 1987 жылы туған. Олардың екеуі бұған дейін науқаспен жақын қатынаста болғандықтан Кеген аудандық ауруханасының провизорлық бөлімінде карантинде жатқан. Енді үш науқас Қарасай аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылатын болады.

Олармен қатынаста болған 12 адам анықталды, олар оқшауланды, эпидемиялогиялық зерттеу жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды