Түркістан: Түлкібас ауданында мал бордақылау алаңдарының саны 117-ге жетті

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Оның ішінде бордақылау ісінде алға ілгерілеушілік байқалады.

Түлкібас ауданы тек алмасымен ғана аты шыққан өңір емес. Табиғаты керемет аймақта соңғы жылдары мал шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді.

Оның ішінде бордақылау ісінде алға ілгерілеушілік байқалады. Өйткені мұнда мал бордақылау кәсібіне мықтап ден қойған шаруалар қатары жыл санап көбеюде. Түлкібас аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сенсек, биылғы жылы 74 кәсіпкер 10-15 бастық мал бордақылау алаңдарын салуды жоспарласа, соның 64-і жоспарларын жүзеге асырып, өз жұмысын бастап кеткен.

Бүгінгі таңда аудан аумағындағы жалпы 117 мал бордақылау алаңдарында 1550 бас жылқы, 3400 бас ірі қара, 700 бас уақ мал бордақылануда. Өндірілген еттің негізгі бөлігі Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларына жөнелтілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды