Түркістанда алты балалы жалғызбасты анаға үй берілді

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Бұрын аталған ауылдың ескі үйді паналап отырған отбасы қайырымдылық қордың арқасында 5 бөлмелі үйге қол жеткізді.

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде Түркістан облысы Келес ауданы Жүзімдік ауылында тағы бір жалғыз басты көпбалалы ана баспаналы болды. Бұл иглікті іске "Харекет" қайырымдылық қоры ұйытқы болып отыр. Осыдан бір жыл бұрын отағасынан айырылған Бегайым Киікбаева балаларын жалғыз өзі өсіріп отқан еді. Ананың қуанышында шек жоқ.

Бұрын аталған ауылдың ескі үйді паналап отырған отбасы қайырымдылық қордың арқасында 5 бөлмелі үйге қол жеткізді. Бұл қасиетті Рамазан айындағы игі бастаманың бірі деп атайды қайырымдылық қордың басы қасында жүрген Әлімбек Ғалымжан.

Оразаның 30 күнінде 30 үйді табыстауды ниет еткен қайырымдылық қорының назары бұл жолы Келес ауданынан тысқары қалмады. Қайырымдылық қорының құрылғанына 2 жылдың жүзі болған еді. Дегенмен аз уақыттың ішінде оның шапағатын көргендер көп. Еліміз бойынша бүгін 186-шы үйдің кілті табыстадық,- дейді қор мүшелері.

Талай баспанасыз жандарды қуанышқа кенелтіп жүрген “Харекет” қайырымдылық қоры мұқтаж жандарға қолдау көрсету ісін бұдан соң да жалғастыра бермек.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді