Қазақстан халқы мамыр айында қай күндері демалады

kfb.kz
Мамыр айында үш мемлекеттік мейрам бар.

Елімізде төтенше жағдай болғанына қарамастан, жұмыс істейтін көптеген қазақстандықтар мерекелер к.ндері қай күнге келеді деген сұрақтарды жиі қоюда, деп хабарлайды zakon.kz.

Электрондық үкіметтің мәліметі бойынша, 2020 жылдың мамыр айында Қазақстанда үш мемлекеттік мереке атап өтіледі:

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні - жұмаға келеді;
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні - бейсенбіге келеді;
9 мамыр - Жеңіс күні - сенбіге келеді.

9 мамыр демалыс күніне келетіндіктен, қазақстандықтарға тағы бір демалыс күні беріледі, ол сенбіден дүйсенбіге - 11 мамырға ауыстырылды.

Алайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі 7 мамырдан 10 мамырға дейін демалуға мүмкіндік беру үшін демалыс күнін 11 мамырдан 8 мамырға ауыстырды.

Осылайша, қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 1, 2, 3 мамырда, содан кейін 7, 8, 9 және 10 мамырда демалады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты