Мамин Қарағанды облысында мембағдарламалардың жүзеге асырылу барысын тексерді

primeminister.kz
Биыл "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облысында жол құрылысы жұмыстарымен барлығы 800 шақырымнан астам жол қамтылатын болады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде "Нұрлы жол" және "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысын тексерді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы жалпы ұзындығы 363 шақырым болатын "Қарағанды – Балқаш" автожолының реконструкциясымен танысты. Жөндеу жұмыстарына 1800 жұмысшы мен 900-ге жуық техника тартылған.

Биыл барлық жол бойындағы жаңа жабыны бойынша жол қозғалысын ашуды қамтамасыз ету, сондай-ақ 297 су өткізетін құбыр, 17 көпір, жол айрығында екі жолөткел және ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін 33 жолөткел салу жоспарланған.

Биыл "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облысында жол құрылысы жұмыстарымен барлығы 800 шақырымнан астам жол қамтылатын болады.

Премьер-Министр жол құрылысы жұмыстарының қарқынын күшейтуді тапсырды және құрылатын жол инфрақұрылымының сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Балқаш қаласында А. Мамин "Нұрлы жер" бағдарламасы аясындағы әлеуметтік тұрғын үйдің салыну барысымен, сондай-ақ әуежайды реконструкциялау және өңірдің туристік әлеуетін арттыру жобасымен танысты.

Сонымен қатар Үкімет басшысы "Kazakhmys Smelting" ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытына барды, онда өндіріс процесімен және кәсіпорынды одан әрі дамыту жоспарымен таныстырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін