Әлия Рақышева Сенат Аппаратының Басшысы болып тағайындалды

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
Бұған дейін ол ҚР Президентінің Кеңесшісі болып жұмыс істеген.

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Сенат Аппаратының Басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

Ә.Ғ. Рақышева 1980 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Әр жылдарда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында басшылық лауазымдарда болды.

2013 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді, 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады