Жұқпалы аурулар ауруханасына түскен кезде ер адамға бронхының асқынуы диагнозы қойылды, науқастың жағдайы орташа деп бағаланды, деп хабарлайды zakon.kz Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
8 мамырда Павлодар облысында коронавирус инфекциясына байланысты тағы бір кісі өлімі дерегі тіркелді. 23 сәуірде 57 жастағы Павлодар тұрғынынан COVID-19 инфекциясы анықталды. Ер адам жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Ауруханаға түскенде ер адамға бронхының асқынуы диагнозы қойылды, науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Науқас 2 типті қант диабетімен дәрігер есебінде тұрған.
26 сәуірде денсаулығының күрт нашарлауына байланысты ер адам жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне ауыстырылды. Күн сайын республикалық мамандармен консультациялар өткізілді.
29 сәуірде ер адамның тыныс алуы тіптен ауырлап, ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.
2 мамырда науқастың жағдайының күрт нашарлағаны тіркелді. Кеңес алу үшін Нұр-Сұлтан қаласынан кардиохирург шақырылды.
Жансақтау бөлімінде жатқанда науқаста жүрек және бүйрек қызметі бұзылды. Қарқынды жүргізілген терапияға қарамастан науқастың жағдайы нашарлай берді. Реанимациялық шаралар еш нәтиже бермеді. Ем-дом ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілді.