Қазақстанда карантиндік шараларды біртіндеп жұмсартудың жоспары жасалды. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, карантин режимі маусым айының соңына дейін сақталады.
"Карантиндік шараларды біртіндеп жұмсартудың жоспары жасалды, маусым айын қосып алғанда. Сонымен қатар, бүгін үкімет 159 тармақтан тұратын кешенді жоспарды қарастырды. Олар карантиндік режим мен төтенше жағдай кезінде келген экономикалық зиян орнын қалпына келтіруге бағытталған. Бұл өте ауқымды мәселелер. Олар күнтәртібінде тұр, әрбір мәселенің арғы жағында жұмыс орыны жайы тұр", - деді Тоғжанов.
Премьер-Министрдің орынбасары елімізде төтенше жағдайдың аяқталғанына қарамастан, қауіп әлі де сейілмегенін атап өтті. Бар тәуекелдерді бағаламау қателік болады.
Сондықтан да карантин режимі жалғасуда. Шектеу шаралары әр аймақтың эпидемиологиялық жағдайына байланысты кезең-кезеңмен алынып тасталады. Карантиндік шараларды жұмсарту, сіздер білетіндей, 20 сәуірден басталды. Осы кезеңде шамамен 1,1 миллион адам жұмысқа оралды. Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгіннен бастап жұмыс орны 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендер, сұлулық салондары, балаларды дамыту орталықтары жұмыс істей бастайтындығын мәлімдеді. Саябақтар мен алаңдар азаматтардың серуендеуіне қолжетімді болады.Саябақ жанындағы ойын-сауық қызметтеріне шектеулер сақталады, - деді вице-премьер.
Сонымен қатар, ол спорттық жаттығулар өткізуге, мәдени қызметкерлерге дайындық жасауға рұқсат етілгенін айтты. Жұмыс істейтін ата-аналар үшін санитарлық нормаларға сәйкес балабақшаларда кезекші топтар құрылады.
Сауда және ойын-сауық орталықтарының, мейрамханалар мен қонақ үйлердің жұмысын жандандыру бойынша кәсіпкерлер мен қоғам тарапынан көптеген сұрақтар түсуде. Олардың осы кезеңде жұмысқа кіріспейтінін баса атап өткім келеді. Бұл мәселе аймақтардағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, біраз уақыттан кейін қаралады. Қоғамдық шаралар өткізуге салынған тыйым өз күшінде. Сондай-ақ, ел ішінде ары-бері жүру мүмкіндігі ақырындап кеңейтіліп келеді, - деп сөзін қорытындылады Ерәлі Тоғжанов.