Білім вице-министрі соңғы қоңырауға қатысты қосымша түсініктеме берді

Отырар
Салтанатты шарадан соң мектеп түлектері ағаш отырғызады.

Осы оқу жылында соңғы қоңырау өткізілетіндігі белгілі болды. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова осыған қатысты желіде жазба жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

"3-4 маусымда 11 сынып түлектері қолына аттестат тапсыру туралы шешім қабылданды. Бұл шара жыл сайын маусым айының ортасында өткізілетін. Биыл түлектерге арналған қорытынды аттестатциялау болмайтынын және ҰБТ-ға дайындықты ескере отырып, біз оны маусымның басына қарай жылжыттық. Биылғы салтанатты шараның ерекшелігі - мереке аясында 11 сыныпты тәмамдаған түлектерге аттестаттар салтанатты түрде тапсырылып, соңғы қоңырау соғылады", - деп жазды Каринова facebook-та.

Сонымен бірге бұл іс-шара мектепте, ашық аспан аясында бөтен қонақтарсыз, 11 сынып түлектерінің қатысуымен және санитарлық нормаларға сәйкес өткізілуі керек.

"Шара кезінде түлектерге мектеп формасында болу ұсынылды. Сонымен қатар, салтанатты шарадан соң 11-сыныпты бітірушілердің ағаш отырғызу шарасын Экология министрлігімен бірлесіп, ұйымдастыру жоспарлануда. Кейіннен мұндай акцияны өткізу 25 мамырға белгіленеді", - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Балаларды мектепке дайындауға 23 млрд теңге бөлінеді

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады