Есмағамбетова: Қуанатындай-ақ жөніміз бар

regnum.ru
Кеше ғана 133 адам емделіп, ауруханадан шықса, ал бүгін 115 жазылған адамды ауруханадан босату жоспарланған.

Коронавирустан емделіп, жазылған қазақстандықтардың саны 2000-нан асты, деп мәлімдеді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова онлайн-брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

Біздің қуанатындай жөніміз бар. Айыққан науқастардың саны күн санап артып келеді. Бүгінде аурудан айыққандардың саны 2000-ға жетті. Жалпы, бүгінгі күнді қосып алғанда, бұл көрсеткіш 2074 құрады, - деді Есмағамбетова.

Оның айтуынша, кеше ғана 133 адам емделіп, ауруханадан шықса, ал бүгін 115 жазылған адамды ауруханадан босату жоспарланған.

Соңғы бірнеше күннен бері сауыққан адамдар саны тіркелген жағдайлардың санынан асып жатқанына назар аударғым келеді. Бұл - біз үшін өте жақсы көрсеткіш, бұл эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын көрсетеді. Әрине, бұл - карантиндік шаралар мен төтенше жағдайдың нәтижесі, соның тиімділігінің дәлелі, - деп түсіндірді бас санитарлық дәрігер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді