Есмағамбетова карантинді біртіндеп жою кезеңдеріне тоқталды

ортком
Эпидемиологиялық жағдайларға байланысты карантин әр аймақта өзіндік сценарий бойынша жұмсартылады.

ҚР бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова еліміздегі карантинді біртіндеп жою кезеңдеріне жекелей тоқталып өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Төтенше жағдайдың жойылуы барлық карантиндік шаралардың алынуы керектігін білдірмейді. Біз карантиндік шаралар сақталуы керек деген ұстанымдамыз, бірақ ол елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты біртіндеп жұмсартылып отыруы керек, - деді Есмағамбетова.

Оның айтуынша, наурыз айында аурудың өсімі 150% -дан асқан, бүгінде ол тек 2-3% құрайды. Соңғы аптада бұл өсім 5% -дан аспады.

Біртіндеп жұмсартып отыру арқылы карантиндік шаралар сақталады.

Есмағамбетова карантиндік шаралар үш кезеңнен соң жойылатынын айтты.

Бірінші кезең аурудың бір аптаның ішіндегі өсімі 7% -дан аспаған кезінде анықталады.

Карантиндік шараларды жұмсартудың екінші кезеңі аптасына ауру өсімі 5% -дан аспайтын жағдайда жүреді.

Үшінші кезең апта ішінде аурудың өсім көлемі 2% -дан аспайтын кезде енгізіледі.

Эпидемиологиялық жағдайларға байланысты карантин әр аймақта өзіндік сценарий бойынша жұмсартылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады