Мемлекет басшысы Әлеуметтік қызмет көрсету үйіне барды

Ақорда
Қазақстан Президенті мұндай орталық ашу бастамасын қолдап, халыққа көмек көрсету жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көріп, оны қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл мекеме халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарына, тіршілік жағдайымен жүгінген азаматтарға "бір терезе" қағидаты бойынша әр түрлі салада қызмет көрсетеді.

Қазақстан Президенті мұндай орталық ашу бастамасын қолдап, халыққа көмек көрсету жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.

– Пандемияға қарамастан, азаматтарымызды әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерімен айналысу маңызды. Бұл – басым әрі стратегиялық міндет. Сондықтан бірыңғай әлеуметтік қамту орталығының салынуын қолдаймын. Бұл – дұрыс бастама. Мұны тиімді жүзеге асыру керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі