Казино иелері депутатттардың қолымен конкуренттерін құртып жатыр ма?

Депутаттарымыз Алматы мен Маңғыстау облысында үш жаңа ойын аймағын құру туралы ұсынысты қабылдамай тастапты.

Мәжіліс депутаттарының бастамасын оқып көрсеңіз, осындай ойға қаласыз, дейді JexeNews каналының авторы.

Депутаттарымыз Алматы мен Маңғыстау облысында үш жаңа ойын аймағын құру туралы ұсынысты қабылдамай тастапты.

Халық қалаулылары ойын автоматтары бар жаңа казинолар мен залдардың ашылуына жол бермейтін түзетулерді енгізді.

Депутаттардың жалғыз бастамасы бұл емес. Жақын арада мәжіліс депутаттарының қолымен судьялар құмар ойындар мен бәс тігуге шамадан тыс беріліп кеткен адамдардың іс-әрекетін шектейтін құзіретке ие болып кетуі мүмкін. Бірақ ол үшін жақын туыстарының өтініші қажет болады.


Сонымен қатар, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бәс тігуге де тыйым салынуы мүмкін.

Депутаттар жаңа заң жобасы букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жұмысын бақылауды күшейтеді деп отыр.

- Бірақ дейміз. Мәселе онда емес болуы мүмкін. Депутаттардың бұл тірлігі екі астананың жанында жұмыс істейтін заңды казинолар қожайындарының мүддесін қорғайтын лобби болуы да бек мүмкін шығар, дейді пост авторы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: