Павлодарға Сеулден бортында 156 қазақстандық бар ұшақ қонды

баспасөз қызметі
Барлығынан COVID-19 ға анализ алынды, нәтижесі белгілі болғанға дейін жолаушылар карантиндік госпитальде болады.

Бүгін Павлодар әуежайына Токио‒Сеул‒Павлодар бағытымен ұшып келген эвакуациялық борт қонды. Әуе кемесіндегі жолаушылардың барлығы біздің отандастарымыз, деп хабарлайды zakon.kz.

Токиодан ұшар алдында азаматтар термометриядан өткен, елге оралған кезде оларды арнайы қорғаныс костюмін киген эпидемиологтар, медицина қызметкерлері мен барлық қажетті қызмет мамандары қарсы алды.

Іс-әрекет алгоритміне сәйкес, шетелден келгендерден сауалнама алынып, термометрия жүргізілді, оларға қорғаныс маскалары берілді. Жүк пен әуе кемесі арнайы дезинфекциялық өңдеуден өтті.

Барлығынан COVID-19 ға анализ алынды, нәтижесі белгілі болғанға дейін жолаушылар карантиндік госпитальде болады.

156 адамды тасымалдау үшін 7 автобус ұйымдастырылды, олар полицияның сүйемелдеуімен межелі орынға жеткізілді.

Коронавирус инфекциясының белгілері анықталған жағдайда пациенттер жұқпалы аурулар госпиталіне жатқызылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс