Бекшин Молдағасимованың қызметіне қайта оралуы ықтималдылығына қатысты түсінік берді

zakon.kz
Молдағасимованың қазір ауруына байланыста еңбек демалысында. Тағайындау туралы шешім - Денсаулық сақтау министрлігінің еншісіндегі дүние.

Алматыда Қоғамдық кеңестің отырысында журналистер қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннен әлеуметтік желідегі Айзат Молдағасимованың өз қызметіне қайта оралуы мүмкін деген қауесетке қатысты пікірін сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Санитарлық дәрігерлер - бұл сарбаздар. Бір кездері бұл жартылай әскери ұйым болатын. Мысалы, мен батыстан ұшып келгенмін, олар маған: "Алматыға кетуің керек" дегенде 40 минутта жиналып, осы жаққа ұшып кеттім. Содан бері мен Алматының бас мемлекеттік дәрігерімін. Департамент басшысы Айзат Молдағасимова ауруына байланысты демалыста болғандықтан, мен қазір жұмыс істеп жатырмын, бірақ менің ары қарайғы тағдырымды Денсаулық сақтау министрлігі шешеді. Біз эпидемологтармыз, бізді қайда жіберсе, сонда барамыз", - деді Бекшин.

Ол Молдағасимованың қазір ауруына байланыста еңбек демалысында екенін баса айтты. Тағайындау туралы шешім - Денсаулық сақтау министрлігінің еншісіндегі дүние.

Жандарбек Бекшин 20 наурыз күні еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен кетті. 18 сәуірде оның Алматы қаласының бас дәрігері болып тағайындалғаны белгілі болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі