Америкалықтар асырап алған Марат: "Көмектесіңіздерші!..."

Facebook
Теодордың, әу баста, Қазақстанда азан шақырып қойған аты Марат екен.

Қазақстаннан асырап алынған америкалық бозбала Өскемендегі туыстарын іздеп, желіде жазба жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жас жігіт өз оқиғасын Facebook-тегі Kazakh American Association парақшасында бөлісті.

Марат Тоқтарұлы Оразғалиев 2001 жылы туған. 2002 жылы оны американдық отбасы асырап алады. Қазір оның есімі - Теодор Уолтон.

"Сәлем! Туған отбасым туралы ақпарат іздеп жатырмын, сіздерден қандай да бір көмек болады деп үміттенемін. Жақында Қазақстандағы отбасымның суреттері табылды. Мен Өскеменде дүниеге келіппін, әпкем мен ағам бар екен, соларды іздеймін. Кез келген көмектеріңіз маған пайдалы болар еді", - деп жазды Теодор.

Ол Өскемендегі тегіне ұқсас адамдардың өзіне хабарласуын сұрайды, мүмкін олардың біреуі оның туысы болар.

Редакциядан: Америкалықтар асырап алған қазақ баласының ағасы табылды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды