Кешегі Бейсен Құранбектің қазасына қатысты орыстілді аудитория ешқандай да пост жазбай, көңіл білдірмей, тіпті ештеңе де болмағандай өздерін бұрынғыша қалыпта ұстады, дейді Айгүл Қоқай. "Ең болмағанда көңіл айтсаңдаршы", деп жалынғандай болыпты ақырында, деген жазбамен желіде сарапшы Қуаныш Еділхантегі бөлісті.
Бұл жанашыр адамның сөзі.
Мағлұм болды – қазақ қоғамы екіге жарылған.
- Әзірге арада бітіспес күрес жоқ, бірақ... алғышарттары бар. Орысша оқып-жазған адам көп жағдайда қазақтың мұң-зарын түсіне бермейді, олардың өз әлемі бар. Сылтаулары да жеткілікті, оны көріп жүрміз. Жоғары мемлекеттік деңгейде шешу қолымыздан келмейді, өйткені ондай биіктікке бізді жолатпайды да. Бірақ... төменде де біраз жұмыстар атқаруға мүмкіндігіміз бар. Алдымен орысша пост жазған қазақтарға пікір жазып, лайк басуды тоқтатыңыздар. Мен өзім солай жасаймын көптен бері. Әрине оқимын, өйткені информация керек. Бірақ екі-үш автор болмаса, көбіне пікір қосып лайк баспаймын, пікір қоссам да қазақша жазуға тырысамын. Егер оқырманы болмаса, ешкім сөздерін қолдамаса, амалсыз қазақша жазуға мәжбүр болады. Басқа жолы жоқ меніңше, - дейді пост авторы.
"Басқалар түсіну үшін орысша жазамын деген сөз" – нағыз рухани құлдықтың өзі!
- Егер тілің ұмытылмасын десеңіз – көмектесіңіз. Қазақтар пәлен % болды, тілдік орта жеңеді деп босқа алданбаңыздар, қазақтар. Мектеп, балабақшаға шейін орысша белең алып барады. Сенбесеңіз, көшедегі жастардың, мектептегі оқушылардың сөзіне құлақ түріп қараңыз. Жағдай тым жақсы емес. Күрессіз ештеңе де бітпейді. Қашан біз батпан құйрыққа тап болып едік? Айгүлдің сөздерін төмендегі комментарийде келтірдім, дейді ол.
Айгүл Қоқай: - Сегодня очень сильно видно, что русскоязычные живут в другом Казахстане, где нет скорбящих по Beysen Kuranbek. Русскоязычные не читают казахских поэтов и писателей и тем не менее считают себя культурными! Культура – это среда, которую наполняют материальные и духовные творения. Если человек не пропитан культурой своего окружения, то он из другой среды, следовательно для данной среды он не культурный!