Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар көбейіп барады

Вице-министр бұл өсімнің елімізде кәсіби скринингтің белсенді жүргізіліп жатқандығымен түсіндірді.

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша тіркелгендердің көрсеткіші күрт артқанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Өткен тәулік нәтижелері бойынша бізде 311 жаңа жағдай тіркелді, өсім - 4,8%. Соңғы бірнеше күнде бізде алдыңғы күндерге қарағанда көбірек факт тіркелді. (...) Бізде ауру жұқтырғандар саны көбейгендіктен, өсім де ұлғайды, осыған байланысты карантиндік шараларды жұмсарту бір аптаға кейінге шегерілді", - деді Бюрабекова.

Вице-министр бұл өсімнің елімізде кәсіби скринингтің белсенді жүргізіліп жатқандығымен түсіндірді. Бүгінгі күні зертханаларда алынатын сынақтардың саны күніне 28 мыңға дейін өсті.

Ол төтенше жағдай алынып тасталғанымен, карантин әлі сақталуда екенін баса айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: