Мақтааралдықтарға тағы бір қауіп төніп тұр. Мамандар дабыл қақты

Pixabay
Тасқын судағы балықты зертханада тексерген мамандар одан адам ішегіне қауіпті бактерияларды анықтаған.

Мақтааралдағы су басқан ауылдарда балық аулауға тыйым салынды. Себебі, мамандар тасқын судағы балық адам өміріне қауіпті деп отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Шәкен Боранбай, Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы балық шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Мүлдем балықты жеуге де, пайдалануға да болмайды. Соны ескертеміз. Адамның ағзасына өте зиян. Ол сараптаманың қорытындысында бактериялық неше түрлі аурулар, таяқшалар табылып отыр. Біз қазір тұрғындарға балықты мүлдем жеуге болмайтынын түсіндіріп жатырмыз.

Тасқын судағы балықты зертханада тексерген мамандар одан адам ішегіне қауіпті бактерияларды анықтаған. Сонымен қатар балықты жарған кезде ішкі ағзасының бүлініп және одан тым жағымсыз иіс шыққанын байқапты. Сондықтан оны ас ретінде пайдаланбаған жөн. Әйтпесе онсыз да тасқыннан зардап шеккен ел улануы мүмкін деп дабыл қағуда. Енді судағы балық түгел ауланып, көзі жойылуы керек. Ал құзырлы органдар Сардоба суы басқан ауылдарда балық аулаушыларды анықтап, оларға айыппұл салады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды