Халық Сардобадан ағып келген балықты жаппай аулауда

видеодан кадр
Балық ұстап белшемізден батып қалдық дегенді естіген көрші аудан тұрғындары да осында ағылған.

Мамандар оңтүстік жұртына балықты тұтынуға, тіптен басқа да мақсатта пайдалануға болмайтындығын айтып дабыл қағып отыр. Жағдайға Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай себеп болған. Олардың айтуынша, Сардоба су қоймасынан келген қызыл сумен өңірімізге ондағы балықтар да жеткен. Тиісінше, судың ластығына байланысты желбезектілер жеуге жарамсыз.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Балықтың бәрін қырып жатыр. Милицияны тыңдамайды ешкім. Осындай жағдай, масқара қараңыздаршы. Мына балықты қараңыздаршы".


Балықтардың біршамасы көлшік суларда қалып қойса керек, оңай олжадан тұрғындар құр қалғысы келмей, шама-шарқының жеткенінше аулап алыпты. Артынша балық ұстап белшемізден батып қалдық дегенді естіген көрші аудан тұрғындары да осында ағылған. Арасында қайығын көлігіне тиеп жеткендері де болыпты. Алайда, араға бірнеше күн салып, су басқан алқаптағы балықтарды зерделеген мамандар оларды тұтынуға, тіптен пайдалануға да болмайтындығын айтып дабыл қағуда. Себебі, балықтардың денесінде жара пайда болған. Тиісінше, жүргізілген экспертиза нәтижесі де осыны айғақтапты.

Шәкен Боранбай, облыстық орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

"Оның шешімі жаңағы экспертизаның балықты мүлдем жеуге де болмайды, пайдалануға да болмайды. Өйткені су ластанған. Сол халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мақтарал халқына, жалпы Оңтүстіктің халқына Түркістан облысының халқына балықты жеуге болмайды деп".

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты