"Аягөз арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесіндегі төрт баланың қайтыс болуын тексерген комиссия қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат арнайы құрылған ведомствоаралық комиссия оқиғаның мән-жайын зерттеп, барлық материалдарды, медициналық құжаттарды және бейнекамералардағы жазбаларды қарап шыққанын айтты. Орталық туа біткен патологиялары бар 18 жасқа дейінгі балаларға қызметтерді ұсынады. Қайтыс болған төрт баланың барлығынан кезінде ата-анасы бас тартқан.
Туа біткен ауруларының асқынуы салдарынан балалардың әрқайсысы әртүрлі уақытта қайтыс болғаны анықталды. Бірінші оқиға 2 сәуірде болған: 2008 жылы туылған бала, екінші оқиға 11 сәуірде: 2009 жылы туған бала, үшіншісі - 20 сәуірде: 2006 жылы туған бала және 29 сәуірде: 2012 жылғы қыз. Дәрігерлердің айтуынша, олардың өлімі қызылшамен байланысты емес, - деді Мархабат.
Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы 4-тармағы, яғни "Медициналық персоналдың кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, комиссия жұмысының барысында медициналық құжаттарға қатысты заңбұзушылықтар анықталды.
Осыған байланысты, тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау бөлімі мекеме қызметіне аудит жүргізуді жалғастыруда.
Әлеуметтік қорғау департаменті ішкі бақылау аясында орталық директоры, оның орынбасары және орталықтың тиісті бөлімшелері мен басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деді ол.
Бұған дейін арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бірнеше тәрбиеленушісі жұқпалы аурулар ауруханасында қызылша диагнозымен жатқызылғаны белгілі болды. Олардан сондай-ақ ішек таяқшасы бактериялары анықталды. Төрт бала қайтыс болды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бұл істі өзінің жеке бақылауына алды.