Соңғы қоңырау онлайн соғылады

видеодан кадр
Биыл түлектердің білім ордасына, ұстаздарына сыйлық беруіне тыйым салынады.

Биыл 25 мамырда барлық мектептерде соңғы қоңырау онлайн режимде соғылады. 1 мен 10-шы сыныптарға арналған сынып сабақтары да осындай режимде өтеді. Онда әр сынып бойынша жыл қорытындысы шығарылады, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, сынып жетекшілері оны қай уақытта, қалай өткізетіндерін өздері шешеді.

Ал, маусымның 3-і мен 4-і күндері барлық түлектерге аттестат тапсырылады. Оны ұйымдасқан түрде және талаптарды сақтай отырып өткізу керек.

Айта кетейік, биыл түлектердің білім ордасына, ұстаздарына сыйлық беруіне тыйым салынады. Іс-шараларға ата-аналардан бір тиын да жиналмауы тиіс. Оған директорлар тікелей жауап береді.

Сондай-ақ, әртүрлі агенттіктер, жекеменшік студиялар мен аниматорлар шақырылмайды. Мерекелік дастарқан деген атымен болмауы керек.

Ал автомобиль жалдап, түлектердің топ болып қаланы аралауына жол бермеу үшін ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп бастапты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Мобильді аударымдарды тексеру: салық органдары қазақстандықтардың алаңдаушылығына жауап берді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді