Тоқаевтың Ұлттық кеңесі үшінші отырысын өткізетін болды

Ақорда
Алдағы отырыстың күн тәртібінде адами капиталдың дамуы, соның ішінде, білім беру саласын дамыту мәселесі қаралмақ.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3 отырысы 27 мамыр күні онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қариннің хабарлауынша, оған еліміздің әр аймағынан арнайы қосылымдар ұйымдастырылады.

Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысына сәйкес, алдағы отырыстың күн тәртібінде адами капиталдың дамуы, соның ішінде, білім беру саласын дамыту мәселесі қаралмақ. Ақпан айынан бастап, аталған тақырып шеңберінде Ұлттық кеңес мүшелері тиісті сараптама жасап, өз ұсыныстарын дайындауға кіріскен. Кеңес мүшелерінің ұсыныстары алдағы жиналыста талқыланатын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі