"Шешенбасы" Рамзан Қадыров коронавирус жұқтырған сияқты

Grozny TV Channel
Шешенстанда коронавирус эпидемиясына байланысты қатаң карантин жарияланған.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров коронавирус жұқтырған деген күдікпен ауруханаға түсті. Оны ұшақпен Мәскеудегі клиникалардың біріне жеткізген. Бұл туралы Baza және "Интерфакс" хабарлады.

Ақпаратты ресми мекемелер әлі растаған жоқ, деп жазады centralasian.org.

"Интерфакс" Мәскеудегі медициналық мекелердегі дереккөзге сілтеме жасаған. "Қадыров коронавирус жұқтыруы мүмкін, оны дәрігерлер қарап жүр" деп жазды агенттік.

"База" мәліметі бойынша, Қадыровтың өкпесі зақымданған. Ол тұмауратып қалғанын айтқан, бірақ соңғы күндері жағдайы күрт нашарлаған.

Шешенстанда коронавирус эпидемиясына байланысты қатаң карантин жарияланған. Республикада комендант сағаты енгізілген, қоғамдық көлік тоқтаған, Ресейдің басқа да облыстарының тұрғындарына республика аумағына кіруге тыйым салынған. Коронавируспен күрес жөніндегі шұғыл штабтың хабарлауынша, Шешенстанда бір мыңнан астам адам вирустың жаңа түрін жұқтырған.

Бұның алдында Қадыров Гудерместегі аурухана қызметкерлерін жұмыстан шығаруды талап етті, өйткені дәрігерлер коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін қорғаныс заттары жетпей жатқанына шағымданған.

"Бізде барлығы бар. Тіпті, біз басқа аймақтарға көмектесе аламыз", - деп мәлімдеген Шешенстан басшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты