Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелерінің бірі, белгілі журналист Игорь Неволин мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Үстемақыны есептеуге қатысты күмәнді мәліметтер бізге келіп түсіп жатты, әсіресе оңтүстікте. Мысалы, үстемақыны толық есептеп, түсіру үшін оның белгілі бір бөлігімен бөлісуге мәжбүрлеген немесе тізімге кірмейтіндерді қосып, оларға осындай сипатта ұсыныс жасаған, - деді журналист МӘМС жанындағы эпидемияға қарсы шараларға қатысқан медициналық қызметкерлерге үстемақыны дұрыс-бұрыстығын анықтау жөніндегі жұмысы бойынша берген есебінде.
Игорь Неволин МӘМС үсемақыны есептеу және оның толықтай қолға тию бойынша әділетсіздіктердің барлық жағдайын анықтамағанына сенімді.
Егер аймақтардың статистикасына көз жүгіртетін болсақ, онда Түркістан облысы анықталған науқастардың саны бойынша емес, бірақ тағайындалған төлемдер бойынша бірінші болып келеді. Енді барлық фактілерді жекелей тексеріп, шығу керек, ал карантин аяқталғаннан кейін бұл материалдарды құқық қорғау органдарына тапсыру қажет. Дәл қазір мұны жасауға болмайды, өйткені қауіпсіздік күштері қазіргі қиын күнде қоғам үшін жұмысы ауадай қажет медициналық мекемені жауап тастауы немесе жұмысына кедергі келтіруі мүмкін, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирусқа қарсы медициналық қызметкерлердің жұмысына үстемақы ретінде республикалық бюджеттен 35,7 миллиардтан астам теңге бөлінген. Осы қаражаттың наурыз және сәуір айларында МӘСМ медициналық ұйымдарға шамамен 11 млрд теңгесін аударды.
22 мамырда Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысында қордың 560 миллион теңге көлемінде ақшаны медициналық қызметкерлерге негізсіз есептегені анықталды.
Игорь Неволин бұл іс-шараның өткізілуін және МӘСМ-нің бюджеттен бөлінген ақшаны белгілеп, иесіне жеткізудегі істің қоғам алдында ашық жүргізуін, сондай-ақ медициналық ұйымдарды қаржылай қолдау шараларын қолдап, оған оң баға береді.
Қор ұзақ уақыт жұмыс істеп келеді. Бірақ, менің түсінуімше, мұндай шаралар бұрын болмаған. Олар айтқандай, ешқашан кеш болмайды, - деді Қоғамдық кеңес мүшесі.