2019 жылы жер қойнауын пайдаланушылар 144 мың қазақстандық маманды оқытты

курсив
Уран бойынша 25 келісімшарт тіркелген.

2019 жылы жер қойнауын пайдаланушылар 144 мың қазақстандық маманды оқытты. Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуі барысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда көмірсутек шикізатын барлау мен өндіруге арналған 235 келісімшарт тіркелген, оның ішінде: "барлауға" – 54, "бірлесіп барлау мен өндіруге" – 96, "өндіруге"– 74, "Өнімді бөлу туралы келісім" бойынша – 11.

Уран бойынша 25 келісімшарт тіркелген.

Геологиялық барлау жұмыстарына инвестиялардың көлемі –158,4 млрд. теңгені құрады. Қазіргі уақытта Министрлік жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруы бойынша міндеттемелерін орындау жөніндегі жұмыстарды жүргізіп отыр.

Бүгінгі таңда жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруы бойынша міндеттемелері жер қойнауын пайдалануға арналған 163 келісімшартта (барлығы – 260) көзделген.

2019 жылғы қорытынды бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруы 9,9 млрд. теңгені құрады.

Сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру бойынша міндеттемелері жер қойнауын пайдалануға арналған 256 келісімшартта (барлығы – 260) көзделген. 2019 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруы 21,0 млрд. теңгені құрады.

Жыл қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есебінен 144 мыңнан астам қазақстандық маман оқыту, біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау рәсімінен өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз