Коронавирус жұқтырған 58 науқастың жағдайы ауыр - Біртанов

liter.kz
Олардың ішінде 19 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Коронавирус жұқтырған 58 науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

"Өздеріңізге мәлім, кеше коронавирус жағдайына байланысты Үкіметте ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жалпы, қазіргі күні елімізде коронавирус жұқтырып алған 9 300-ден астам адам тіркелді. Олардың арасында 50 пайызы, яғни 4 600-ден астам науқас жазылып, ауруханадан шықты. Өкінішке қарай, 37 науқас қайтыс болды", - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта 4 653 науқас ем алып жатыр. Олардың арасында 355 бала бар.

"Сонымен қатар осы науқастардың 85 пайызының жағдайы жеңіл деңгейде деп айтуға болады. Көп науқас симптомсыз тіркелген. Бірақ, 13 пайыз немесе 543 науқастың жағдайы орташа, 1,5 немесе 58 науқастың жағдайы ауыр. Олардың ішінде 19 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деді Елжан Біртанов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді