Елімізде тұрғын үй бағдарламасы операторлары біріктіріледі

24.kz
Енді тұрғын үй Бірыңғай оператор арқылы берілетін болады.

Сенаттағы Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасы қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген болатын.

Оның міндеттері құрылыс саласы субъектілерін ынталандыруды қамтамасыз ету, ипотекалық кредиттеуді одан әрі дамыту, тұрғын үй құрылысы операторының қызметін оңтайландыру, жұмыс істеп тұрған операторлардың әкімшілік шығыстарын азайтудың есебінен бюджет қаражатын үнемдеу болып табылады.

Құжатпен бірыңғай оператордың ипотекалық қарыз беру;

көппәтерлі тұрғын үйлердегі үлесті сатып алуға арналған қарыздарды кепілдендіру;

инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру жөніндегі қызметі реттеледі.

Заңның қабылдануы еліміздің халқын сапалы және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған мемлекеттік шараларды одан әрі іске асыруға, оның ішінде құрылыс саласына қолдау көрсетуге, тұрғын үй нарығындағы мен ипотекалық кредиттеудегі сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді өсуі үшін жағдай жасау арқылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құжат Палатаның қарауына жіберілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты