Әйелінің үшемге аяғы ауыр екенін білген ер адам өз-өзін ұстай алмай қалды

видеодан алынды
Ер адам мұндай жаңалықты күтпеген еді.

АҚШ-тың Айова штатындағы ерлі-зайыпты іштегі баланың жынысын білу үшін УЗИ-ге барады. Көлікте қалған күйеуіне жаңалығын жеткізуге асыққан келіншек видеоны қосып қояды. Қызықтың бәрі сол видеода, деп хабарлайды zakon.kz Nine.com сайтына сілтеме жасап.

Гриль отбасының Орион есімді бір жасар ұлы бар. Олар күтіп жүрген сәбилері оның інісі немесе қарындасы болатындығын білмек болып дәрігерге барады.

Коронавирусқа байланысты енгізілген ережелерге сәйкес, бүкіл отбасы дәрігер кеңсесінде бола алмайды. Осылайша әкесі мен ұлы көлікте қалады. Ал ішіндегі үшем екенін білген Саманта бұл жаңалықты күйеуіне жеткізуге асығады. Сөйтіп қолындағы телефонның камерасын қосады. Сөйтіп кезек-кезегімен үш конвертті оның қолына ұстады. Үшемнің әкесінің есі шығып, біразға дейін өз-өзіне келе алмайды. Желі қолданушылары ер адамның бақытты сәтін тамашалауға мүмкіндік алғандары үшін разы. Барлығы бұл отбасыға бақыт тілеп, үшемнің аман-есен дүниеге келуіне тілектестік білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі