Қазақстандықтарға шетелге билет сатып алуда асықпауға кеңес берілді

Қазір әуе компаниялар жоқ, әлі нақты датасы белгіленбеген рейстерге билеттер сатып жатыр.

Қазақстанның Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық инспекторы Сәдуақас Байғабылов қазақстандықтарға басқа елдерге авиабилет сатып алуға асықпауға кеңес берді. Оның айтуынша, халықаралық қарым-қатынасты іске қосудың нақты датасы әлі белгіленбеген, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта әуекомпаниялары сатылымға шығарып жатқан рейс билеттерін сатып алуға кеңес бермеймін, одан бас тарта тұрған жөн. Өйткені ақшасыз әрі билетсіз қалуыңыз әбден мүмкін. Бүгінгі таңда Қазақстан мен басқа елдер арасында жоспарланған рейстер жоқ. Алдағы уақытта да күтілмейді, - деді Сәдуақас Байғабылов Facebook-тегі онлайн-брифинг барысында.

Ол Шымкенттегі жағдайды еске түсірді, ол кезде қала тұрғындары әуе қатынасына ресми рұқсат берілместен ұшаққа билет сатып ала бастаған.

"Онда да бір емес, бірнеше ондаған адам алдын ала билет сатып алған. Ал әуежайға келсе, бәрі жабық, ұшақ та жоқ, содан кейін ашуланып, наразы болды жұрт. Қазір әуе компаниялар жоқ, әлі нақты датасы белгіленбеген рейстерге билеттер сатып жатыр. Адамдардың осындай форс-мажорлық жағдайларға тап болмауы үшін халықаралық рейстердің қайта басталуы туралы ресми ақпаратты күткені жөн", - деді ол.

Бұған дейін Қытай, Оңтүстік Корея және Әзірбайжанмен рейстердің қайта жандана бастағаны туралы хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: