Биыл Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 6,1% құрайды

zakon.kz
2020 жылы 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Қазақстанда 2020 жылы жұмыссыздық деңгейі ары кетсе 6,1% құрайды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлйды zakon.kz тілшісі.

- Шілдеден бастап жыл соңына дейін біз еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандырамыз деп ойлап отырмыз. Жұмыссыздық 6,1% құрайтын болды, - деді Біржан Нұрымбетов үкімет отырысында.

Оның сөзінше, 2020 жылы 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

- Біз мемлекеттік бағдарламаларды, барлық әлеуетімізді пайдаланамыз. Жоспарланып отырған бағдарламалар бойынша 225 мың жұмыс орны құрылады. Қазір біз "Жұмыспен қамту жол картасымен" 6,5 мың жобаны бастап отырмыз, оның 5 мың 300-і басталып кетті, 130 мың жұмыс орны қазірге дейін ашылды. Олардың 35% – жастар, - деп қосты министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды