Ауылды сапалы, арзан интернетпен қамту керек – Н.Нығматулин

Ж.Құспанов
Ауылдық елді мекендерді кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында құжат әзірленді.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттардың өздері бастамашы болған ауылды сапалы интернетпен қамту туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды zakon.kz.

Аталған заң жобасында елді мекендерді ұялы байланыспен қамтып, желінің сапасын арттыру үшін байланыс операторларына телекоммуникациялық инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану ұсынылады.

Осы жөнінде Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин:

- Еліміздің цифрлық даму жолында интернет мәселесінің басты назарда екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Әсіресе, ауылды жерлерді сапалы Интернетпен қамтамасыз ету бүгінгі күннің басты талабы. Себебі, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық қоғамдық Кеңес отырысында білім және денсаулық салаларын заманға сай реформалау туралы айтқан болатын. Осы жолда, әрине, цифрлық және электрондық қызметтердің қажеттілігі өте маңызды, - деді.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, осы заң жобасы ауыл тұрғындарын сапалы және қолжетімді интернетпен қамтамасыз етуге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Жалпы бұл құжат ауылдық елді мекендерді интернетке кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

Сонымен қатар, байланыс объектілерін салу кезінде жер учаскелерін ресімдеу бойынша рұқсат беру рәсімдерін оңайлатуға және байланыс операторларының барлығына телекоммуникациялық инфрақұрылымға тең қол жеткізу мүмкіндігін беруге бағытталған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз