Ақмәди Сарбасов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болды

ПМ
Ол алдында Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ақмәди Әділұлы Сарбасов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сарбасов 1977 жылы қазанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Еуразиялық гуманитарлық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Осы жылдар ішінде ол ҚР Әділет министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде түрлі лауазымда жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап 2019 жылдың сәуіріне дейін - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы - Бас мемлекеттік еңбек инспекторы болды. 2019 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді