Алматыда кейбір қызмет түрлеріне қайтадан тыйым салынуы мүмкін

турист.бел
Карантиндік шаралардың жұмсартылуына байланысты көптеген немқұрайлы кәсіпкерлер белгіленген карантиндік ережелерді өрескел бұзуда.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға қайтадан тыйым салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қала тұрғындары банкет пен той жасауға тыйым салынғанына қарамастан, тамақтану орындарында бір дастарқан басына 30-40 шақты адамдардың жиналғанын байқағандарын айтып жүр.

Осы фактілерге түсінік бере отырып, Бекшин мұндай жағдайларда қала тұрғындары тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау үшін аумақтық әкімдіктер мен комитеттің департаменттеріне бірден хабар беру керектігін айтты.

Сонымен бірге, ол карантиндік шаралардың жұмсартылуына байланысты көптеген немқұрайлы кәсіпкерлер белгіленген карантиндік ережелерді өрескел бұзуда екендігіне де тоқталды.

Біз бұл қызмет түрлерін, тіпті ол мейрамхана, сауда және тағы басқасы болсын, барлық жағдайларды мейлінше егжей-тегжейлі зерттейміз. Біз ортақ заңдылықты бұзған нысандар қызметіне қайтадан тыйым салу мәселесін көтеретін боламыз, - деді Бекшин.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз