Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының бұрынғы басшысы Тілеухан Әбілдаев қайтадан "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҰАҚ филиалы басшылығына тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Алматы қаласындағы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының" баспасөз қызметі Әбілдаевтың филиалға басшы ретінде биыл 1 маусымда тағайындалғанын хабарлады.
Тілеухан Әбілдаев 1962 жылы 6 қарашада Жамбыл облысында дүниеге келген.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялар:
Алматы мемлекеттік медицина институты (1985)
Медициналық дәрігер
Ғылыми атағы, дәрежесі, қызметі:
Медицина ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: "Жамбыл облысындағы денсаулық сақтау реформасы контексіндегі менеджмент жүйесін жетілдірудің медициналық-ұйымдастырушылық аспектілері" (2001);
Медицина ғылымдарының докторы, диссертация тақырыбы: "Аймақтық оңтайландыру моделінің теориялық және әдіснамалық негіздері және қазіргі кезеңдегі халыққа стационарлық көмекті дамыту перспективалары" (Жамбыл облысы), (2006);
· Доцент
Еңбек өтілі:
Алматыдағы №2 қалалық клиникалық ауруханасының санитары (1983); Жамбыл қаласындағы Жедел жәрдем көмегі ауруханасының хирург-интерні (1985-1986);
Хирург, хирургия бөлімінің меңгерушісі, Талас орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері (1986-1996);
· Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері (1996-1999);
· Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы (1999-2005);
· Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері (06.2005-2010);
· ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің директоры (01.2010 жылдан бастап); ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының директоры (2010-2016);
· ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі "Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Бас директорының орынбасары, Алматы қ. Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің департамент басшысы (2016-12.2016);
· Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы (12.2016-2017); "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҰАҚ Алматы филиалының директоры (2018-12.2019);
- Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының бастығы (12.2019-06.2020)