7 маусымда Өзбекстанда коронавирус жұқтыруға қатысты рекорд көрсеткіш тіркеліп, бір тәулікте індет жұқтырған 237 азамат анықталды.
Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды жаңалығы бойынша Өзбекстанда 237 кісі коронавирус жұқтырғаны белгілі болып, жалпы індет расталғандар саны 4 331-ге жеткен, деп жазады ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.
"Жаңадан вирус жұқтырғандардың барлығы карантиндегі бақылау орталығында анықталған. Олардың 70 пайызға жуығы Ташкент қаласындағы карантиндегі азаматтар", делінген хабарламада.
Сонымен қатар бүгін 86 кісі аурудан сауығып шықты. Олардың жалпы саны 3 354-ке жетті. Ал бүгінге дейін елде 17 науқас қаза болған. Қазіргі уақытта республика аумағындағы ауруханаларда 960 науқас емделіп жатыр.